ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлімен кездесу өткізді , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кездесу барысында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) дамыту, ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау, сондай-ақ тау-кен металлургия кешеніне цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды