top of page
Search

Абай күні

Бүгін – Абай күні. Ұлтымыздың ұлы ақыны, хәкім Абайдың шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында атаулы күн 2020 жылғы 5 тамызда еліміздің мерекелер күнтізбесіне енді, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады:

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.

«Өткеннің арты, жаңаның басы бола білген» ұлы ақынның тағылымына терең бойлау, одан салиқалы сабақ ала білу – бүгінгі күнде үлкен маңызға ие.


Абай – ұлтымыздың болмысы мен бітімінің айқын үлгісі. Абай – әлем әдебиеті мен мәдениетін қастерлі асыл қазыналармен байытқан бірегей тұлға. Күллі адамзатқа ортақ кемеңгер шығармаларының әлемнің 30-дан астам тіліне аударылуы – бұл сөзімізге айқын дәлел.


Абайдың өміршең һәм өнегелі әдеби мұрасы – біздің өркениетіміздің алтын тұғырына айналуы тиіс.


Өткеніміз бен ертеңіміздің алтын діңгегіне айналған тұғырлы тұлғаны өскелең ұрпақ арасында кеңінен дәріптеу мақсатында бүгінде отандық бірнеше жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне «Абайтану» курстары енгізілген. Бұдан бөлек, бірқатар ғылыми-зерттеу мекемелерінде хәкім шығармашылығын зерделеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.


Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті.


Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды:


I дәрежелі дипломмен — 13 қатысушы;

II дәрежелі дипломмен — 19 қатысушы;

III дәрежелі дипломмен — 24 қатысушы.


Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:


«Бас жүлде» — Шығыс Қазақстан облысы;

1 орын — Абай облысы;

2 орын — Қарағанды облысы;

3 орын — Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.


Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.















Komentáře


bottom of page