top of page
Search

Абай университетінде Kazdual обсерваториясының тұсаукесері өтті

Абай университетінде Kazdual обсерваториясының тұсаукесері өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу - KazDual» жобасын жүзеге асыру аясында Абай университеті базасында құрылған KazDual обсерваториясының тұсаукесері өтті.


Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов студенттерді кәсіби даярлау сапасы еңбек нарығының сұранысында қашанда өзекті болып қала беретінін және тәжірибеде тексерілетінін атап өтті. Білім мен дағдылар тұрғысынан жас мамандар әрдайым жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келе бермейді және оларды қайта даярлап, жаңа жұмыс жағдайларына бейімдеуге тура келеді. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – дуальды оқытуды кеңінен енгізу.


Іс-шара барысында «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» KazDual құрылымдық жобасы таныстырылып, обсерваторияның STEM-жабдықтары ұсынылды, «АКТ көмегімен бастауыш білім беру» пилоттық дуальды бағдарламаны өндірістік оқыту барысы талқыланды. Бұл білім беру бағдарламасын Абай университетінің Педагогика және психология институты мен университет серіктесі – NGS Жаңа ұрпақ мектебі жүзеге асыруда.


Жоба жалпы Қазақстандағы жоғары және кәсіптік білім беру жүйесінің өңірлік және республикалық деңгейде дамуына ықпал етуге арналған. Дуальды оқыту идеялары белгілі бір қызмет саласында қажетті білім мен дағдыларды меңгеру және практикалық базамен байланысын нығайту мақсатында студенттердің теориялық және практикалық дайындығын біріктірумен тығыз байланысты.


Comments


bottom of page