top of page

«Автотехцентр-Азия» ЖШС-де ҚарИУ «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының филиалын ашу

Іс-шара аясында екі стратегиялық маңызды келісімге қол қойылды: біріншісі – кафедра филиалын тікелей «АвтоТехЦентр-Азия» ЖШС өндірістік базасында ашу туралы, екіншісі – ҚарИУ студенттерінің кәсіби практикасын өндірісте өткізу туралы.


«Автотехцентр-Азия» ЖШС-де ҚарИУ «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының филиалын ашу

Бұл бастамалар озық білім беру тәжірибелерін енгізуге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және саланың өзекті міндеттері үшін тиімді шешімдер әзірлеуге бағытталған.

Филиалды ашудың мақсаттарына студенттер мен қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, университет пен өндірістік сектор арасында білім мен тәжірибе алмасу, оқыту мен өндірістік процестерге инновациялық тәсілдерді енгізу кіреді. Қазіргі заманғы технологиялық машиналар мен көлік саласындағы міндеттерді тиімді шеше алатын мамандарды даярлауға баса назар аударылды.

Ашылу салтанатына: Г.А. Сивякова, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚарИУ Академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры, Е.С. Бестембек, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚарИУ «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының меңгерушісі, С.Ж. Қыдырбаева және К.А. Азимбаев, ҚарИУ «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының аға оқытушылары, А.С. Авилкин, «АвтоТехЦентр – Азия» ЖШС директоры, Ю.А. Безруков, «АвтоТехЦентр – Азия» ЖШС бас механигі қатысты.


Өңірдің жетекші кәсіпорындарының бірі – «АвтоТехЦентр-Азия» ЖШС базасында кафедра филиалының ашылуы студенттерге заманауи технологиялар мен жабдықтарға, сондай-ақ нақты өндірістік жағдайларда жұмыс істеудің практикалық тәжірибесіне бірегей қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Өз кезегінде компания қызметкерлері өз біліктілігін арттыруға, жаңа білім беру әдістемелерімен танысуға және оларды өндірістік процестерге біріктіруге мүмкіндік алады. Жоғары білім мен өндірістің өзара іс-қимылы үшін осындай платформаны құру табыстың кепілі болады және қазіргі заманғы индустрияның сын-тегеуріндеріне жауап беруге дайын жоғары білікті мамандардың тұрақты ағынын қамтамасыз етеді.


Анықтама үшін: «АвтоТехЦентр – Азия» ЖШС – KOMATSU, HOWO, SHANTUI, XCMG, Hyundai Motor, Mercedes-Benz, Volvo, BOMAG, CATERPILLAR, Bobcat және т.б. әлемдік арнайы техника нарығында жетекші орындарға ие компанияларының жоғары өнімді және жоғары сапалы машиналары мен жабдықтарын жалға берумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын өңірдің жетекші кәсіпорындарының бірі. «АвтоТехЦентр – Азия» ЖШС-мен ынтымақтастық болашақ мамандарды даярлауға және көлік және машина жасау саласындағы инновациялық технологияларды дамытуға елеулі үлес қосатын болады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page