Азаматтық авиация академиясында университетаралық пәндік олимпиада өтті!
- Редакция "СО"

- 5 days ago
- 1 min read
2026 жылғы 26 ақпанда Академияда физика, математика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) пәндері бойынша «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылына арналған университетаралық студенттік олимпиада ұйымдастырылды.

Зияткерлік сайысқа Алматы қаласының 7 жоғары оқу орнынан 64 бірінші курс студенті қатысты.
Олимпиаданы Академия ректоры Жақупов Қ.Б. салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Нәтижесінде математика, физика және АКТ бағыттары бойынша жеңімпаздар анықталды.
Академия студенттері жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
I орын – 25 000 тг
II орын – 20 000 тг
III орын – 15 000 тг
Басқа ЖОО студенттеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Белсенді қатысушылар мен жетекшілер сертификаттармен марапатталды.
Олимпиада — жас мамандардың аналитикалық ойлауын, цифрлық құзыреттілігін және ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң.



Comments