top of page
Search

Академиялық адалдық лигасы «Powerfull platform for sharing experience» жобасы

Академиялық адалдық лигасы «Powerfull platform for sharing experience» жобасын жүзеге асыруды бастады. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Алматы менеджмент университетінің қабырғасында «Эндаумент қоры және университет менеджменті» тақырыбында вебинар өтті. Бұл – Академиялық Адалдық Лигасының «Powerfull platform for sharing experience» жаңа білім бағдарламасы аясында ұйымдастырылған алғашқы вебинар.


«Эндаумент Ұлттық ассоциациясының» Басқарма Төрағасы, EUSP ректорының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Светлана Лаврова эндаументтің бірегейлігі жайлы және білім беру мекемелері бұл құралды қалай қолданатынын айтты.

Бұл вебинарға 23 университеттің өкілдері қатысты.


Ол университет ректорлары мен проректорларына, сондай-ақ университеттің тұрақты даму стратегиясын қалыптастыратын ЖОО-ның стратегиялық және корпоративтік даму сарапшылары үшін қызықты әрі пайдалы болды.



Comentários


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page