top of page
Search

Алматыда екінші жыл қатарынан «Almaty Ustazy» мұғалімдер байқауы өтеді

Алматыда екінші жыл қатарынан «Almaty Ustazy» мұғалімдер байқауы өтеді. Алматы қаласы білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Іс-шараға 36 жасқа дейінгі 1-11 сынып мұғалімдері қатыса алады. Сайыстың бірінші кезеңі онлайн өтеді, ал байқау биыл қазан айында аяқталады. Байқау қала әкімі Ерболат Досаевтың мұрындық болуымен өткізіліп келеді.


Байқаудың бас жүлдесі — 5 млн теңге. Әрі 5 финалист Финляндияның Хельсинки қаласында білім беру тағылымдамасына барады. Онда ұстаздар оқытудың жаңа әдісімен, озық мектеппен танысып, тәжірибе алмасады.


Ең бастысы, байқау өткізу арқылы шаһардың мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерінің деңгейін артады. Алматы озық білім беру технологияларының орталығына айналуы мүмкін.


Білім басқармасының хабарлауынша, Алматы озық білім беру технологияларының орталығына айналуы мүмкін. Байқау өткізу арқылы шаһардың мемлекеттік жалпы білім беретін мектептері мен ұстаздарының деңгейі артады.


Байқауға қатысу үшін https://almatyustazy-2023.kz платформасы арқылы тіркелуге болады. Ол 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.



Kommentare


bottom of page