top of page
Search

Алматыда «Мобильді кітапхана» заманауи инновациялық технологиялар тақырыбында республикалық семинар

Ағымдағы жылғы 18 шілдеде Алматы қаласы Білім басқармасының "№187 бөбекжай-балабақшасы" КМҚК базасында «Мобильді кітапхана» - отбасымен ынтымақтастық арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту» тақырыбында «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік жобалар» шеңберінде республикалық семинар өтті, «Современное образование» журналы Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Естеріңізге сала кетейік, «Мобильді кітапхана» жобасы елімізде алғаш рет «№187 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК базасында әзірленіп 2022 жылы Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов пен қала әкімі Е. Досаевтың қатысуымен өткен жыл сайынғы тамыз конференциясында таныстырылды, онда аталған жобаға жоғары баға берілді. Іс-шараға республиканың Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау және т.б. облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары қатысты.

Семинар барысында №187 бөбекжай педагогтары озық тәжірибелерімен және технологияларымен бөлісті. Сондай-ақ коммуникациялық дағдыларды дамытуда, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамытуда "Мобильді кітапхананы" пайдаланудың тиімділігін көрсетті. Бұл жоба Республика қатысушылары мен педагогтарынан жақсы нәтиже көрсетті.


























Comments


bottom of page