top of page
Search

Алматыда «Тұрақты даму мақсаттары аясындағыэкологиялық журналистика» оқыту курсы басталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізуге кірісті (бағдарлама қоса беріледі).ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Курстар 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасасқан меморандумды жүзеге асыру аясында өткізілуде.


Курсқа қатысушыларға үш күн бойы БАҚ-та экологиялық мәселелерді тарату, Қазақстанда экомәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, экологиялық тергеу үшін медиа құралдарды пайдалану бойынша өзекті сұрақтар түсіндірілетін болады.


Дәріскерлер ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйлейді.

Оқыту курстары 2023 жылдың 9 маусымына дейін өтеді.


Онлайн форматта келесі сілтеме бойыншақосылуға болады: https://us02web.zoom.us/j/89796985833?pwd=UVd3OUZHTWk4U1dkVUpjb1UwamFqdz09

Конференция идентификаторы: 897 9698 5833 Кіру коды: 567168



Comentarios


bottom of page