top of page
Search

Алматы қаласында Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің төрағалығымен Алматы қаласында Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтқа сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Бұл жиын Ұлттық комиссиясының 30 жылдығына арналды.Отырысқа Комиссияның тұрақты мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың вице-министрлері, мәдениет, білім және ғылым салаларының белгілі қайраткерлері қатысты.

Жиында Комиссия қызметінің өзекті мәселелері талқыланды. Әсіресе, ҚР аумағындағы ЮНЕСКО тізіміне енген нысандарды сақтау ісіне ерекше көңіл бөлінді.


Ерлан Қарин Қазақстанның ғылым, мәдениет және білім салалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің ЮНЕСКО мен ИСЕСКО ұйымдарына мүшелігін барынша пайдалана отырып, ұлттық мүдденің басым міндеттерін іске асырудың маңызды екеніне назар аударды.


Өткен жылғы жұмысты қорытындылаған Мемлекеттік кеңесші Комиссияның, оның тақырыптық комитеттерінің, клубтарының және ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептерінің нақты нәтижелері туралы айтты.


Оның ішінде, былтыр ЮНЕСКО шеңберінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойлары аталып өтті. Қазақстанның «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу туралы ұлттық өтінімі қанағаттандырылды.


Commentaires


bottom of page