top of page
Search

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» Республикалық педагогикалық шеберлік байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Байқау педагогикалық қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтарының тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді.


Сайысқа Алматы қаласының арнайы білім беру ұйымдарынан 33 педагог қатысып, бақ сынасты. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын конкурс ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Байқау жұмысының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:


«Арнайы балабақшаның үздік педагогы (тәрбиешісі)» номинациясы бойынша:

І орын – Кашаганова Инкар Толеуовна, «№ 143 сөйлеу және тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы» КММ тәрбиешісі;

ІІІ орын – Манекеева Кенжеш Тауасаровна, «№ 143 сөйлеу және тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы» КММ тәрбиешісі.


«Арнайы балабақша тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогы» номинациясы бойынша:

І орын – Жаңабай Айжамал Нұржанқызы, «№ 26 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша» КММ педагог-логопеді;

І орын – Абдраимова Балнура Рахимовна, «Есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы № 137 бөбекжай-балабақшасы» КММ сурдопедагогы;

ІІ орын – Таужанова Гульмира Айбековна, «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған № 24 балабақшасы» КММ педагог-логопеді;

ІІІ орын – Исмагул Нурлыгуль Алибекқызы, «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған № 111 бөбекжай-балабақшасы» КММ педагог-дефектологы.


«Арнайы мектептің үздік педагогы (мұғалімі)» номинациясы бойынша:

І орын – Каскарауова Енлик Муратбековна, «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагог-дефектологы;

ІІ орын – Оспанова Әдемі Еркінқызы, Мамандандырылған «Жанұя» кешенінің педагог-дефектологы;

ІІ орын – Байдильдаева Ақерке Жаңғабылқызы, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ технология пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Задорожная Марина Николаевна, «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

ІІІ орын – Косымбаева Гулмира Бериковна, «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагог-дефектологы;

ІІІ орын – Асамбаева Сауле Жумабаевна, «№5 арнайы мектеп-интернаты» КММ, дефектолог-сурдопедагогы.


«Арнайы мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогы» номинациясы бойынша:

І орын – Есембаева Умит Камаловна, «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагог-логопеді;

ІІ орын – Максимова Василиса Николаевна, «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагог-логопеді;

ІІІ орын – Ермағамбет Әлия Ыхласқызы, «№6 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагог-логопеді;

«Арнайы мектептің үздік тәрбиешісі» номинациясы бойынша:

І орын – Жунусова Алия Багитовна, «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиешісі.


Жеңімпаз педагогтар тамыз форумында білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Жеңімпаздар «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық

конкурсының қорытынды кезеңіне қатысу құқығына ие болды.




Comments


bottom of page