Астанада WorldSkills Shanghai 2026 жүлдегерлері мен қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды
Қазақстан құрамасы кәсіби шеберліктен әлем чемпионатынан WorldSkills Shanghai 2026 сегіз жүлдемен оралды, деп хабарлайды «Замануи білім беру» журналы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысшы кәсіптерін дамыту мен кадрлар даярлау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше назарында. Президенттің бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы кәсіптері жылы деп жарияланған болатын. Студенттердің жетістіктері мемлекет тарапынан кәсіптік білім беруді жүйелі қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.
48-ші әлем чемпионатында Қазақстанды 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті таныстырды. Барлық құраманы және оның тәлімгерлерін құттықтаймыз! Әуежайда қатысушыларды туыстары, достары, тәлімгерлері және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қарсы алды.

Руслан Нестеренко «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша қола жүлдегер атанды, бұл құзыреттілік әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Кәсіби шеберлік медальдарын Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн»), сондай-ақ Рамазан Нұрлан мен Денис Панин («Мехатроника») иеленді. Камила Алиева «Цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігі бойынша «Best of Nation» наградасын алды.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қатысушыларға министр Жұлдыз Сүлейменованың атынан алғыс хаттар табыстап, табысты өнер көрсетуімен құттықтауын жеткізді.

Comments