top of page
Search

Ата-аналардың жалпыұлттық форумы

Елордада «ӨЗІҢДІ ТАП – ӨЗЕГІҢЕ ОРАЛ» атты дәстүрлі жалпыұлттық ата-аналар форумы өтті. Алқалы басқосуға 700-ден астам ата-ана, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен педагогтер және психологтар қатысты, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Форумға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысты.


Жиында ұрпақ тәрбиесі мен бала құқықтарын сақтау және қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеуге байланысты маңызды мәселелер талқыланды.


ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов өз сөзінде елімізде педагог кадрларының тапшылығы туралы айтты.


«Бүгінде елімізде 4 жарым мыңнан астам мұғалім тапшы. Мәселен, бір ғана елорданың өзінде жыл сайын мыңға жуық педагогке зәрулік туындайды. Қазіргі күнде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Ғылым және жоғары білім министрлігі Астанада жаңа педагогикалық жоғары оқу орнын ашу бойынша жұмыс істеуде», – деп атап өтті вице-министр.















Comments


bottom of page