2023 жылдың 26-27 қазан күндері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы III Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті, «Современное образование» журналы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикадағы ауылшаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйымдарының талантты педагогтерін анықтау және қолдау мақсатында өткен конкурсқа еліміздің 13 аймағынан жиналды.
Колледж басшылары, серіктес мекеме өкілдері, байқауға қатысушылар, ардагер ұстаздар мен инженер-педагогтер, студенттер барлығы-100 адам қатысты.
Конкурсқа қатысушы 24 инженер-педагог «Агрономия», «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады.
Конкурс барысында «Агрономия», «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша тәжірибелік жұмыстар сарапқа салынып, инновациялық ерекшеліктері іс жүзінде көрсетіліп, теориялық және практикалық тапсырмалар орындалды.
Конкурстың теориялық кезінде арнайы пәндер бойынша мазмұнды қамтитын тест сұрақтарына жауап берілді және тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру тапсырмалары орындалды.
Конкурстың практикалық кезеңі әрбір модуль бойынша бір немесе бірнеше тапсырмадан тұрды және жұмыстары бағаланды.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Алғысхаты беріліп, кубоктар табысталды.
Comments