Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 28-29 қаңтар күндері Көпсалалы инновациялық колледжінде «Junior Skills» кәсіби шеберлік байқауының үшінші кезеңі өтті. Оған Красный Яр ауылы, Көкшетау қаласы және Зеренді ауданының 9-сынып оқушылары қатысты, «Замануи білім беру» журналы Ақмола облысы әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Байқау WorldSkills чемпионатының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып жас дарындарға өздерін достық әрі бәсекелестік атмосферада көрсетуге мүмкіндік берді. Қатысушылар берілген тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады. Әрбір тапсырма кәсіби білімді ғана емес, шығармашылық көзқарасты да талап етті, бұл байқауды мазмұнды әрі түрлі бағытта қызықты етті», – деді колледж директоры Сайран Сейткалиева.
«Қатысушылар, көрермендер және қазылар алқасы бірегей достық пен қолдау атмосферасын қалыптастырды, бұл өз кезегінде нәтиже сапасына оң әсер етті. Қазылар алқасы әділдік пен кәсібилік танытып, жұмыстарды жоғары деңгейде бағалады. Байқау қорытындысы бойынша әрбір қатысушы грамоталар мен сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, байқаудың демеушілері колледждің әлеуметтік серіктестері – "Tim Agro" ЖШС және "Halyk Bank" болды», – деп толықтырды колледж директоры.
Кәсіби байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Слесарлық іс» құзыреттілігі:
1 орын – Нұрмағамбет Солих, №9 орта мектеп, Көкшетау қаласы
2 орын – Шубарнель Илья, №10 орта мектеп, Көкшетау қаласы
3 орын – Искаков Нариман, №3 орта мектеп, Красный Яр ауылы
«Нан пісіру» құзыреттілігі:
1 орын – Митрофанов Григорий, №10 орта мектеп, Көкшетау қаласы
2 орын – Кушунова Салтанат, №2 орта мектеп, Красный Яр ауылы
3 орын – Карибаева Ясмин, №1 орта мектеп, Красный Яр ауылы
«Автоіс» құзыреттілігі:
1 орын – Амангелді Мерген, №1 орта мектеп, Красный Яр ауылы
2 орын – Серік Ахмад, №9 орта мектеп, Көкшетау қаласы
3 орын – Карпов Кирилл, Садовое ауылының орта мектебі
«Аспаздық іс» құзыреттілігі:
1 орын – Новосёлов Денис, №10 орта мектеп, Көкшетау қаласы
2 орын – Пуголовкина Анна, Васильковка ауылының орта мектебі
3 орын – Тастыбай Әділ, Елікті ауылының орта мектебі
«Модельдеу технологиясы» құзыреттілігі:
1 орын – Рахымжанова Адира, №1 орта мектеп, Красный Яр ауылы
2 орын – Садвокасова Ясмин, №10 орта мектеп, Көкшетау қаласы
3 орын – Мұстафина Медина, №3 орта мектеп, Красный Яр ауылы
Айта кету керек, «Junior Skills» байқауы жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар заман талабына сай жаңа буын мамандарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Comments