top of page
Search

Ақтөбе мектептерінде педагогтер, ата-аналар мен балалардың өзара байланысының жаңа әдістері ұсынылды

«Іскер ана, Икемді қыз": Ақтөбе мектептерінде педагогтер, ата-аналар мен балалардың өзара байланысының жаңа әдістері ұсынылды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Ақтөбе қаласының №78 мектеп-гимназиясында "Іскер ана, икемді қыз" атты жаңа жоба басталды.

Оның негізгі мақсаты- іскер ата-аналардың мектеп өміріне араласуы арқылы оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық дағдыларын дамыту.


Бүгінгі таңда жобаға қыздарды тігін тігуге, үй бұйымдарын жасауға, тамақ дайындауға және т. б. үйрететін жеті іскер ана жұмылдырылған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жобаға барлығы 112 оқушы қатысады.


Comentarios


bottom of page