top of page
Search

Байтұрсынов университетіндегі қос дипломдық бағдарламасы: сөзден іске

BAITURSYNOV UNIVERSITY Литваның VITAUTAS MAGNUS UNIVERSITY-мен (VMU) қос дипломдық бағдарламасын жүзеге асыру туралы екі жақты келісімге келген болатын. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Биылдан бастап бағдарлама іске қосылады. Конкурстық іріктеуден өткен BAITURSYNOV UNIVERSITY-нің «Биология», «Есеп және қаржы» білім беру бағдарламаларының студенттері жаңа оқу жылын Литвадағы ең көне университеттердің бірі – VITAUTAS MAGNUS UNIVERSITY-де бастайды.


Мұндай мүмкіндік Қазақстан мен Литва университеттері арасында қол қойылған академиялық ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында туды.


Еуропалық университеттің дипломын алу үшін қостанайлық студенттерге Литва университетінде бір жыл оқып келсе болғаны.

Нәтижесінде студент оқу бітіргеннен кейін бакалавр дәрежесіндегі екі диплом алады, бірі – VITAUTAS MAGNUS UNIVERSITY-нің, екіншісі – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің дипломы.


VMD-нің дипломын әлемнің 50 елі, оның ішінде Еуроодақ елдері, сонымен қатар АҚШ пен Канада мойындайды.


Айта кету керек, 100 жылдық тарихы бар Литва елінің оқу орнында білім алу мүмкіндігіне тек А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де 1 семестрден 5 семестрге дейін оқыған және ағылшын тілінің деңгейі А2-ден төмен емес студент қана ие бола алады.

Сондай-ақ бүгін меморандум аясында халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге де қол қойылған болатын.


Университеттер үшін бұл – өзара тиімді академиялық бағдарламалар мен курстарды әзірлеу, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың алмасуы, бірлескен зерттеулер мен конференциялар, дәрістер, тренингтер өткізу мүмкіндігі. Осы жазда аталмыш бағдарлама бойынша оқу орнының бірнеше оқытушысы Литвада біліктіліктерін арттырады



Comentarios


bottom of page