top of page
Search

Бейресми білімге жаңаша көзқарас қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс мүмкіндіктерін ашады

13.05.2024


«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында туризм және қонақжайлылық саласындағы «Қонақжайлылық индустриясын сертификаттау орталығы» ЖШС аккредиттелген кәсіптік біліктілікті тану орталығы бар.


Атамекен

Былтыр тамыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңына қол қойды. Осыған орай, «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеуді бастады: https://career.enbek.kz/ru/pages/register-professions?basisFilter=%D0%94).


Орталықтардың негізгі міндеті – адами капиталды дамыту.  

Айта кету керек, мұндай орталықтар бейресми білім беру (өз бетінше оқу және/немесе белгілі бір біліктілікті арттыру курстарынан өту) арқылы алынған біліктілікті растауға құқылы.


Бұл тәжірибе қазақстандықтарды өз құзыреттері мен дағдыларының ауқымын кеңейтуге ынталандырады, сонымен қатар бірқатар артықшылықтар береді деп болжануда. Мысалы, ЖОО студенттері оқитын модульдер санын қысқартуға, жұмыс берушілер өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік алады, ал,  қызметкерлер өздерінің біліктілігіне сәйкес жалақыны талап ете алады.


Кәсіби біліктілікті тану орталықтарынан барлық өтініштер Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы арқылы келесі құжаттар арқылы қабылданады:

1.   Аккредиттеу туралы өтініш (кәсіптерді көрсете отырып);

2.   Өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

3.   Үй-жайлардың, жабдықтардың және материалдық ресурстардың болуын растайтын құжат. Кәсіби біліктілікті тану үшін жабдықтар мен материалдық ресурстардың тізбесін біліктілік бағдарламасында тану орталығы көрсетеді;

4.   Әрбір жарияланған кәсіп бойынша біліктілік бағдарламасының жобасы;

5.   Мынадай талаптарға жауап беретін кәсіптік біліктілікті тану бойынша жұмыстарды орындауға қабілетті білікті персонал туралы мәліметтер:

– тиісті салада соңғы 5 (бес) жылда жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес;

– салалық біліктілік шеңбері бойынша мәлімделген кәсіптерге қойылатын талаптарға сәйкес тиісті білім деңгейінің болуы;

– кәсіптік біліктілікті танумен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы.


Кәсіби біліктілікті тану орталықтарының тізілімі: career.enbek.kz

Comments


bottom of page