top of page
Search

Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қазақстан-германия институты құрылды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қазақстан-германия институты құрылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Өз кезегінде Қазақстандық ғалымдар еліміздегі бақшаларда өзін табиғи жақсы танытқан және қазіргі уақытта итальяндық жеміс өсірушілер сынақтан өткізген «Жетісу» сериялы тамырлы шыбықтарының тобын өсіріп шығарды.


Бұл туралы «Биологиялық әртүрлілік және экожүйелік қызметтер тұрақты дамудың құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысқан ғалымдар мен білікті сарапшылардың басқосуында кеңінен айтылды.


Конференцияға Германия Федеративтік Республикасының ҚР-дағы Елшісі Моника Иверсен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властемил Самек, Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдан келген көрнекті ғалымдар мен жетекші мамандар қатысты.


ҚазҰАЗУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, соңғы жылдары университет Германияның Қоршаған ортаны қорғау Федералды қорымен бірлесіп, Қазақстан мен Қырғызстанның таулы аймақтарында эндемикалық алма ағаштары мен Сиверс сорттарының, ескі алма бақтарының биоәртүрлілігін сақтау бойынша "ALMA" жобасын іске асыруда.

«Бұл Жоба жалпыға бірдей қалыптасқан ғылыми нормалар мен стандарттарға сәйкес, ең озық халықаралық тәжірибені мұқият зерделеу және талдау нәтижесінде қабылданды. Ғалымдар Сиверс алма ағашының ерекше түрін сақтау мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттей келе, оның практикалық қолдануын жандандырудың кешенді шараларын ұсынды. Адамзаттың шаруашылық қызметі нәтижесінде жоғалуға айналған қолда бар жабайы жеміс ормандарын күту және қалпына келтіру, сирек түрлердің генетикалық тазалығын сақтау мен генетикалық эрозияға ұшырауды болдырмау бағытындағы күресті күшейтуіміз қажет", - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.

Халықаралық конференция биоәртүрлілік пен климаттың өзгеруі, Сиверс алма ағашын аса қауіпті және карантиндік зиянкестер мен аурулардан қорғау, табиғатты қорғауды біріктіру, жаһандық факторлардың аймақтық қосылған құн тізбегіне және биоәртүрлілікке әсері т.б. мәселелер бойынша ақпарат алмасудың маңызды алаңына айналды.


Конференция аясында ҚазҰАЗУ базасында Экожүйелер мен биоәртүрлілікті қорғау жөніндегі Қазақстан - Германия институтының салтанатты ашылуы боып өтті және ҚазҰАЗУ мен «KaGEB» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Comments


bottom of page