ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен әлемдегі жетекші университеттер мен салалық ұйымдарда тағылымдамадан өтетін 25 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған: https://bolashak.gov.kz/kz/stipendiya-iegerleri Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт лекке бөлінген. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі - 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында. Қабылдаудың екінші легі 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, үшіншісі - 5 маусым мен 7 шілде аралығында, төртіншісі - 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді. Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
Comments