top of page

Білім берудегі заманауи технологиялар: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстары

Dec 20, 2024
1 min read

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Үздіксіз және қосымша білім беру орталығы энергетика факультетінің «Электрмен жабдықтау» кафедрасымен бірлесе отырып, 2024 жылғы желтоқсанның 05 мен 20 -сы аралығында аралас форматта (онлайн/офлайн) Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.


В КазАТИУ им. С. Сейфуллина провели курсы повышения квалификации по автоматизации технологических процессов

Курс жетекшісі т.ғ.к. «Электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі Б.А. Байниязов.


Курстық оқытуды тәжірибелі мамандар: техника ғылымдарының докторы, доцент Г.Г. Таткеева және PhD докторы Г.С. Нұрмағанбетова жүргізуде.


Курс тақырыптары:

·  «Энергетикадағы цифрлық трансформация (цифрландыру). Жаңа технологиялық шешімдер».

·  «Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған автоматтандырылған жүйелерді жобалау және құру».

Курстардың мақсаты: оқытушыларды білім беру үдерісі мен кәсіби қызметке заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізуге дайындау. Курстар автоматтандырылған жүйелерді жобалау және енгізу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ энергетикадағы цифрлық трансформацияның озық тәсілдерін зерделеуге бағытталған.


Күтілетін нәтижелер:

·  Энергетикадағы цифрландырудың негізгі қағидаттарын игеру және оларды оқу бағдарламаларында қолдану.

·  Технологиялық процестерді автоматтандыру әдістерін игеру және оларды өнеркәсіптік кәсіпорындарға бейімдеу.

· Автоматтандырылған жүйелерді жобалау мен басқарудағы құзыреттерді дамыту.


Қатысушылар өз білімдерін тереңдетуге, тәжірибе алмасуға және цифрландыру мен автоматтандыру саласында біліктіліктерін арттыруға бірегей мүмкіндік алады.


В КазАТИУ им. С. Сейфуллина провели курсы повышения квалификации по автоматизации технологических процессов




Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page