6.05.2024
2024 жылдың 6 мамырында KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы Freedom Broker және КҚ «Freedom Шапағат» қолдауымен Қызылорда қаласындағы «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандырылған сыныптары бар мектебіндегі» салтанатты Шахмат сыныбының ашылуына шақырады.
Қазақстанның тағы бір қаласында шахмат сыныбының ашылуы – KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының Оқу-ағарту министрлігімен, Ғылым және жоғары білім министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Білім берудегі шахмат» жобасын ілгерілетудегі тағы бір қадам. Пилоттық жобаның негізгі мақсаттарының бірі - Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Бастауыш сыныптағы балаларды шахмат үйретумен 20% үлеспен қамту».
Сыныптың ашылу салтанатына KazChess Қызылорда қ-ғы филиалының атқарушы директоры Сұлтангүл Тұяқбаева, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Сәдуақасова, Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы Ибадулла Құттықожаев және т.б. қатысты.
Жобаны қолдаған тағы бір құрметті қонағы – Гиннес рекордтар кітабының әлемдік рекордсмені, ҚР Туризм және спорт министрлігінің амбассадоры, Балуан Шолақ, Қажымұқан Мұңайтпасов атты қазақ палуандарының дәстүрін жалғаушы Сергей Цырульников. Ашылу салтанатынан кейін қонақтар мен мектеп оқушылары шахмат ойнап, жаңа сыныптың мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
«Биыл Қазақстан шахмат федерациясы жүйелі өзгерістер мен реформалардан өтуде. Көптеген бастамалар, ең алдымен, жас қазақстандықтар арасында шахматты дамыту мен насихаттаудың берік негізі болуы тиіс. Бүгінгі таңда «Білім берудегі шахмат» жобасы Kaz Chess жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қызылордада шахмат сыныбының ашылуы осы бағдарламаны жүзеге асырудағы маңызды қадамы деп санаймыз. Осы үлес балалардың шахмат ойынға деген сүйіспеншілігін тудырып, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жүздеген, мыңдаған мектептер үшін эталон болады деп ойлаймын. Жақын арада мұндай сыныптар қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын», - деді KazChess президенті Тимур Турлов.
Бүгінгі таңда KazChess Freedom Broker компаниясының және Freedom Shapagat корпоративтік қорының қолдауымен еліміздің 7 аймағындағы 7 базалық мектепке шахматты сапалы оқытуға арналған толық жиынтықты (жиһаз, техникалық құрал-жабдықтар, шахмат жабдықтары) қамтамасыз етті. Олар Қызылорда қаласындағы «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандырылған сыныптары бар мектебінен» бөлек, Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейі, Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы, Шымкент қаласындағы Қарсыбай Спатаев атындағы № 7 мектеп-лицейі, Алматы қаласындағы №90 мамандандырылған мектеп-лицейі, Павлодар қаласындағы Мәшхур Жүсіп атындағы мектебі мен Орал қаласындағы №37 мектебі.
Шахмат пәнің бүгінде еліміздің жеті облысындағы 42 мектепте бастауыш сынып мұғалімдері оқытады, оқуға мыңнан астам бірінші сынып оқушылары қамтылған. 2024-25 жаңа оқу жылында жобадағы мектептердің саның 350-ге дейін қамту жоспарлануда. KazChess шахмат ойыны арқылы жас қазақстандықтардың ақылды, білімді және тәрбиелі болуына үлес қосуын жалғастырады.
Bình luận