top of page
Search

Білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту ҚР Үкіметінің назарында болады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов еліміздегі білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту барысы туралы айтып берді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Әлихан Смайылов жыл басынан бері республикамызда 34 мың орындық 325 балабақша ашылғанын, нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98%-ды құрағанын атап өтті.


Сондай-ақ биыл 106 мың оқушыға арналған 201 мектеп ашылды. Жаңа «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін 842 мың оқушыға арналған 400-ден астам жаңа мектеп ашылады.


Премьер-Министр бүгінгі таңда 410 колледжді 500-ге жуық кәсіпорын қамқорлыққа алғанын айтты. Жалпы 2025 жылға қарай жастар қатарынан ниет білдіргендердің 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік біліммен тегін қамтылатын болады.


Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілді, «Биологиялық қауіпсіздік туралы» жаңа заң қабылданды.


Әлихан Смайылов өткен жылдың сәйкес кезеңімен (11 ай) салыстырғанда жалпы өлім-жітім 28%-ға және ана өлімі 3,5 есеге төмендегенін атап өтті.


Оның айтуынша, келесі жылы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 3 жылдық кешенді жоспар іске асырыла бастайды.


Сонымен қатар Премьер-Министр ғылым саласын дамытуға тоқталды. Осы бағытта 5 жылға арналған тиісті ұлттық тұжырымдама қабылданды. Жалпы биыл ғалымдардың жалақысы 2 есеге ұлғайтылды, жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін 1000-нан астам грант бөлінді, 400-ден астам ғалым әлемдік ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберілді.


Республикамызда 3 жетекші шетелдік зерттеу жоғары оқу орындарының филиалы ашылды. Тағы 2 филиалдың ашылуы пысықталуда.


Әлихан Смайылов келесі жылы салаға қосымша қолдау көрсету мақсатында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы әзірленетінін айтты.







Commenti


bottom of page