top of page
Search

Білім министрі өзі басқаратын ведомствоны екіге бөлу жайлы пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзі басқаратын ведомствоны екіге бөлуге қатысты пікір білдірді.


Ол қазір ең басты міндет – осы шешімді дұрыс және тиімді жүзеге асыру екенін айтты.

"Өйткені, ең маңыздысы тиімді білім және ғылым жүйесі. Шешім жарияланды. Енді осы шешімнің орындалу жағын ойлау керек. Ең бастысы, бұл шешім тиімді әрі дұрыс орындалуы керек. Бұдан білім және ғылым жүйесі ұтуға тиіс. Осы үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді Аймағамбетов үкімет кулуарында

Ол министрлікті екі ведомствоға бөлу үшін үкімет деңгейінде шешім қабылданатынын жеткізді. Тиісті деңгейде шешім қабылданып, жұртшылыққа жарияланады.


Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынған болатын. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл ғылыми қызметті үйлестіруді нығайту үшін қажет.


Екі ведомствоның бірі тек ғылым және жоғары біліммен айналысады.



Comments


bottom of page