Білім тұрақты болашақтың негізі ретінде: ҚазАТЗУ-да биоәртүрлілікті сақтау бойынша семинар өтті
- Редакция "СО"
- May 26
- 2 min read
2025 жылғы 23 мамырда Астанада "Биоәртүрлілікті сақтау және тұрақты қаржыландыру үшін білім беру" тақырыбында семинар өтті. Іс-шара мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) өкілдерін, сондай-ақ студенттер мен жас мамандарды біріктірді.

Семинар БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің (ҚазАТЗУ) серіктестігінде ұйымдастырылып, екі жерде — университеттің конференц-залында және Saad Hotel Astana қонақ үйінде өтті.

Семинар Қанат Тіреуов, ҚазАТЗУ ректоры, Данияр Тұрғамбаев, ҚР ЭӘДМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы және БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианың құттықтау сөздерімен ашылды.
Өз сөзінде Қанат Маратұлы:
- «Зерттеу университеті мәртебесіне ие біздің оқу орнымыз халықаралық ынтымақтастықты дамыта отырып, ғылым, білім және қоршаған ортаны қорғауды біріктіретін жобаларға белсенді үлес қосуға ұмтылуда.Табиғат – ең қымбат байлығымыз. Биоәртүрлілікке инвестиция салу – бұл ортақ болашағымызға инвестиция салу.Осы мақсатта біз биоресурстарды тиімді пайдалану мен ұлттық және жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен серіктестіктерді дамытып келеміз.БҰҰ Даму бағдарламасының «ЕРТ-да қаржылық жоспарлау» (ООПТ) оқыту бағдарламасын енгізу –табиғатты қорғау саласындағы өзекті сын-қатерлер жағдайында дер кезінде қолға алынған және аса маңызды бастама.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тиімді басқару мен тұрақты қаржыландыруды қажет ететін қазіргі кезеңде табиғи ресурстарды басқару мен экологиялық экономика бойынша кәсіби білімге ие мамандар даярлау – басты басымдықтардың бірі. Аталған бағдарлама тек қажетті дағдылардың орнын толтырып қана қоймай,экологиялық білім берудің жаңа – практикалық және ұзақ мерзімді шешімдерге бағытталған – тәсілін қалыптастыруға ықпал етеді.Бүгінгі семинар ғалымдар, сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдері арасында тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды генерациялау және ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді алаңға айналады деп сенемін», - деп атап өтті.
БҰҰДБ мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою, сондай-ақ тұрақты білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры Қанат Тіреуовтің БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерня ханымға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Құрметті профессоры атағын беру туралы шешімін жариялауы ерекше сәт болды.
Ашық сұрақ-жауап сессиясы студенттерге мемлекеттік органдар мен Халықаралық бағдарламалар басшыларымен Табиғатты қорғаудың өзекті мәселелерін тікелей талқылауға мүмкіндік берді. Қазір Қазақстанның қорықтары мен ұлттық саябақтарында басшылық позицияларды иеленген түлектердің сөз сөйлеуі жиынға қатысушыларды шабыттандырды.
Saad қонақ үйінде өткен семинардың екінші бөлімінде қатысушылар табиғатты қорғау саласына кадрлар даярлаудағы қиындықтарды талқылайды. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері білім беру бағдарламаларын, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда және оқытудың жаңа әдістерін енгізуде тәжірибелерімен бөліспек.
Ағымдағы кадрлық әлеует туралы зерттеу нәтижелері, сондай-ақ экотуризм мен табиғатты қорғауды білім беру процесіне интеграциялау жөніндегі бастамалар ұсынылады.

Қорытынды сессия жоғары оқу орындары, ҒЗИ және табиғатты қорғау ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылға арналды. Қорықтар мен ұлттық саябақтардың басшылары практикалық білімді оқу бағдарламаларына біріктірудің және ЕҚТА қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар биоалуантүрлілік саласында кадрларды даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Ол Қазақстанның ортақ экологиялық болашағы үшін барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастыққа дайындығын көрсетті.
БҰҰДБ мен ҚазАТЗУ бірлескен бастамаларды, соның ішінде тренингтерді, ғылыми жобаларды және табиғи ресурстарды тұрақты басқаруға бағытталған білім беру модульдерін әзірлеуді жалғастыру ниетін растады.
Семинарға мемлекеттік құрылымдардың, университеттердің, ҮЕҰ және ЕҚТА-ның 45-тен астам өкілі қатысты. Семинар гибридті форматта — офлайн және онлайн режимінде Zoom платформасы арқылы өтіп жатыр.

Comments