top of page
Search

БҰҰ штабтық офицерлері – Қарулы күштеріне арналған курс

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында «БҰҰ штаб офицерлері» екі апталық сертификатталған курсы өтіп жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Мандатты стратегиялық, жедел және тактикалық деңгейде жүзеге асыруда штаб офицерлерінің атқаратын ісі маңызды. Сондықтан оларды дайындауға ерекше назар аударылады.


Тыңдаушылар БҰҰ бітімгерлік операцияларының құрылымын, тұжырымдамасын, міндеттерін және оларды жоспарлау мен орналастыру кезінде бітімгерлік қызметтің түрлі субъектілеріндегі өзара іс-әрекет алгоритмін зерделейді.


Сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Курс тыңдаушыларына штаб офицерінің міндеттерін іс жүзінде орындауды, БҰҰ бітімгерлік операцияларының қағидаттарын сақтауды және барлық құқықтық аспектілерді түсінуді үйретеді.


Дәрістерде тыңдаушылар БҰҰ бітімгерлік операциясын материалдық-техникалық және әкімшілік қамтамасыз ету, қолдау және сервистік қызмет көрсету туралы ақпарат алады.



Comentarios


bottom of page