top of page
Search

Бөкетов Университеті ғалымдарының жобасы нысаналы қаржыландыруға ие болды


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы шеңберінде Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінің ғалымдары «Флора мен Фауна бойынша деректерді цифрландыру әдістері және биологиялық әртүрліліктің халықаралық платформаларында орналастыру» жобасын іске асыруда, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Бұл ғылыми жоба 2023-2024 жылдарға арналған. Оған бірнеше облыстардан – Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстаудан келген ғалымдар тобы қатысады. Ғалымдар флора мен фаунаны кеңінен зерттеп, флораның тамырлы өсімдіктерінің тізімін құруға ниетті. Сондай-ақ, жоба аясында гербарий қоры толығымен цифрландырылып, халықаралық платформада орналастырылатын болады, осылайша бүкіл әлем зерттеушілері Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін көруге және зерттеуге мүмкіндік алады.


Ағымдағы жылғы мамырда ғалымдар тобы экспедицияға аттанды, онда гербарий материалы жиналып, өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің алдын ала тізімі жасалды.









Commentaires


bottom of page