Ведомствоаралық комиссия ғалымдардың қосымша ақысы бойынша түзетулерді қарады. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы төлеу мәселелері қаралды.
12 сәуір күні Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдардың мәртебесін көтеру, оның ішінде қаржылық қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.
«Біз ғалымдарымыздың мәртебесін дәйекті түрде арттырып, олардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуіміз қажет. Осы мақсатта жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің ғылыми дәрежелері мен атақтары үшін қосымша ақыны 1,5 есеге арттыру керек», - деді Президент.
Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар үшін қандай қосымша төлемдер жоспарланған.
Атап айтсақ:
философия докторы (PhD), сала бойынша доктор дәрежесі үшін 17 еселенген АЕК мөлшерінде;
философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі және доцент, ғылым докторы ғылыми атағы және доцент ғылыми атағы үшін АЕК 25 еселенген мөлшерде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін 17 еселенген АЕК, ғылым докторы 34 еселенген АЕК мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор ғылыми атағы үшін 25 еселенген АЕК, ғылым докторы және қауымдастырылған профессор ғылыми атағы үшін 42 еселенген АЕК мөлшерінде;
философия докторы (PhD), сала бойынша доктор және профессор ғылыми атағы үшін, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі мен профессор ғылыми атағы үшін, ғылым докторы ғылыми атағы бар профессорлар үшін АЕК 50 еселенген мөлшерде.
Commenti