top of page
Search

Грантты жұмыспен өтеу туралы мәліметтерді қадағалау үшін 25000 келісім жиналды

26.06.2024.


25 мыңнан астам түлек «Қаржы орталығы» АҚ-ға мемлекеттік тапсырысты жұмыспен өтеуді мониторингілеу үшін дербес деректерді жинауға/өңдеуге келісім берді.


смс

Естеріңізге сала кетейік, «Қаржы орталығы» АҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін табысты интеграциялау нәтижесінде грантты жұмыспен өтеу туралы мәліметтер цифрлық бағытқа ауыстырылды.


Ол үшін ЖОО студенттері мен түлектері 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама алған кезде дербес деректерді жинау/өңдеу сұрауына келісіммен 15 минуттың ішінде жауап беруі қажет (жауап 511), үлгермеген жағдайда 8-800-080-28-28 нөмірі бойынша Қаржы орталығына қоңырау шалу қажет.


Түсіндіру жұмыстарын елордалық ЖОО жанындағы мансап орталықтары белсенді жүргізуде. Л.Гумилева атыңдағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Астана IT университет түлектерінің 80%-дан астамы өз келісімін берді. Оқу орындарының өкілдері «Қаржы орталығы» АҚ-ның алғыс хаттарымен марапатталды.


Comments


bottom of page