top of page
Search

«Дарынды балалар – ұлт мақтанышы» тақырыбындағы облыстық семинар-кеңес

2023 жылдың 23 қыркүйек күні Бурабай ауданы Щучинск қаласында «Білім-инновация» IT лицей-интернатының базасында Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарынды балалар – ұлт мақтанышы» атты облыстық семинар-кеңесін өткізді, «Современное образование» журналы Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Семинардың негізгі мақсаты: дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттырудың перспективалық тәжірибесін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.

Семинар жұмысына: Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы – Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары, облыстың мамандандырылған ұйымдарының басшылары, басшының орынбасарлары мен педагогтері қатысты.

Облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы дарынды балалармен жұмыс жағдайы және олардың олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқаулардағы жетістіктері туралы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Б. Дүйсенова сөз сөйледі.

Семинардың бірінші бөлімінде «Білім-инновация» IT лицей-интернаты бойынша таныстыру экскурсиясына қатысушылар химия, биология, физика және робототехника бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқушылар дайындаған көрмеге қатысты.

Семинардың жалғасында спикерлер өз сөздерінде облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинар-кеңестің жұмысын облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісе отырып, «Көшбасшылық», «Табыс формуласы», «Ұлттық құндылық», «Оқу мен оқыту», «Интеграция» деген 6 бағыт бойынша сөз сөйлеген спикерлер жалғастырды. Екінші бөлімде «Білім-инновация» IT лицей-интернатының педагог-психологтары семинар қатысушыларымен «Teamwork» психологиялық тренинг өткізді. «Білім-инновация» IT лицей-интернатының педагогтары семинарға қатысушылар үшін математика, ағылшын тілі, ғылыми жобалар бойынша түрлі шеберлік сыныптарын көрсетті.

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы басшысының орынбасары А. Ж. Алдабергенова өз сөзінде сапалы іріктеу, оқушыларды зияткерлік пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар бойынша байқауларға дайындау қажеттігін атап өтті, білім беру сапасын арттыру, 7-сыныпқа қабылдау және іріктеу, облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарының тәжірибе тарату мәселелерін қозғады.

Семинар соңында қатысушылар облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытудың қызықты мәселелері бойынша пікір алмасып, ұсыныстар айтты.

Облыстық семинар-кеңеске қатысушыларға, шеберлік сыныптарын көрсеткен педагогтарға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.


















Opmerkingen


bottom of page