top of page
Search

Еділ Оспан ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.

Еділ Оспан 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Ұлыбританиядағы Эксетер унивреситетін (University of Exeter) бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «Құқық және экономика» колледжінің оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2007-2010 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.

2010-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы. 2019-2020 жылдары Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары.

2020 жылы – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.

2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.

2023 жылғы ақпан айынан бастап – Үкімет Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.





Kommentare


bottom of page