top of page
Search

Елордада Worldskills VIII республикалық чемпионаты өтеді

Осы жылдың 22-27 қарашасы аралығында Астанада «WorldSkillsKazakhstan 2023» Кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионаты өтеді, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Олимпиадаға еліміздің 545 жас маманы мен 520 сарапшысы қатысады. Байқаудың үш күнінде, яғни, 23-25 ​​қараша аралығында колледж студенттері 30 құзырет бойынша үздік атану үшін бақ сынасады. Олардың ішінде электр монтаждау, бизнеске арналған ІТ шешімдер, кірпіш қалау, мобильді робототехника, мехатроника, шаштараз және т.б. құзыреттіліктер бар.


Республикалық чемпионаттың жеңімпаздары келесі жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатына барады.


Бұдан басқа, WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделі мен танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ білікті мамандарды даярлау саласына жаңа стандарттарды енгізуге бағытталған. Бүгінде ұйымның қызметіне 80 мемлекет қатысуда.


Атап өтейік, биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан ұлттық құрамасы WorldSkills Еуропа чемпионатына қатысу тарихында ең жақсы нәтиже көрсетіп, екі медаль мен төрт “Үздік медальон” жеңіп алды.




Hozzászólások


bottom of page