top of page
Search

Еліміздегі балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту мәселелері талқыланды


Едиль Оспан

Астанада балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті. Оған Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан қатысты. Сондай-ақ, кездесуге педагогтар, азаматтық қоғам өкілдері мен блогерлер қатысты, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


«Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді күшейту, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әр іске жауапкершілікпен қарауға баулу. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының негізгі бағыттары - мәдени-ағартушылық және туристік, экологиялық-өлкетану»,- деп атап өтті Еділ Оспан.

Кездесу барысында еліміздегі балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу туралы сындарлы диалог өтті.


Жиынға қатысушылар балалар мен жастарды қоғамдық маңызы бар жобаларға кеңінен тартуға, шығармашылық бастамаларды қолдауға, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға баса назар аудара отырып, балалар мен жасөспірімдер қозғалысын жетілдіру жолдарын ұсынды.


Кездесу соңында оқушылар арасында түрлі іс-шараларды өткізуде жүйелілікті қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп пысықтау, балалар мен жасөспірімдер қозғалысы мүшелерінің бірлескен іс-қимылын үйлестіру шараларын айқындау туралы шешім қабылданды.

Comentários


bottom of page