Елімізде 14149 «AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтау депозиті ашылған. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Мақсаты – оқу ақысын төлеу үшін жинақтау.
Бастапқы жарна - 3 АЕК.
Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.
AQYL білім беру депозитін ашу үшін екі құжат қажет:
Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі.
Баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.
Салымшы білім грантына ие болса:
депозиттен жинақты алуға
ақшаны басқа баланың атына аударуға
білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыруға құқылы.
Толық ақпаратты @fincenter.kz парақшасынан білуге болады немесе 8-800-080-28-28 тегін жедел желі арқылы.

Comentarios