top of page
Search

Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеуге қатысты кеңес өткізді

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағын әзірлеуге қатысты кеңес өтті. ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.

Мемлекеттік кеңесшіге бұған дейін белгілі тарихшы ғалымдармен кездесуде айтылған кемшіліктерді түзету және атқарылған басқа да жұмыстар жайында баяндалды.


Көптомдыққа қажетті материалдардың барлығы жинақталып, ол бірнеше сатыдан тұратын сараптамадан өтіп, параграфтарға бөлініп, ғалымдар ел тарихын жазып шыққан.

Бүгінде кей томдар толықтырылып, кейбірі біріздендіріліп жатыр.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізу қажет екенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.


Commenti


bottom of page