top of page
Search

Есенов университетінде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында форсайт-мектеп ашылды

Ақтауда Ш. Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университетінде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында форсайт-мектеп ашылды. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек (онлайн форматта), Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, әдіснаманы әзірлеушілер және мектептің өңірдегі өкілдері қатысты.


Университет Маңғыстау облысын кадрлармен қамтамасыз етудің өңірлік стандартын жасақтайтын жергілікті жобалық кеңсе ретінде белгіленді. Жоба ел Үкіметі бекіткен 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына енгізілген.


Форсайт-мектептің мақсаты – форсайт әдіснамасы бойынша өңірлік жобалау офисінің командасын оқыту. Сабақ 7 күн бойы өтеді және оның қорытындысы бойынша тиісті сертификаттар беріледі.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі




Comments


bottom of page