ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кадрларға қажеттілікті анықтау мақсатында жұмыс берушілерді «Электрондық еңбек биржасы» https://enbek.kz/kk/anketa/anketa-npp-2023 мемлекеттік ақпараттық порталында онлайн-сауалнамадан өтуге шақырады. ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Деректерді жинау 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында жүргізіледі. Сауалнама барысында республиканың барлық өңірлерінен экономиканың түрлі салаларында қызмет жасайтын 45 мыңға жуық жұмыс берушіні қамту жоспарлануда.
Сауалнама мынадай блоктардан тұрады: кадрларға қажеттілікті талдау; жұмыскерлердің босатылуын бағалау; шетелдік жұмыс күшін тарту және Қазақстанда дуальды оқыту. Бұл экономикалық қызмет түрлері мен кәсіптер бойынша толыққанды жоғары деңгейде еңбек нарығының нақты қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері бойынша кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін ұсынымдар мен ұсыныстары бар талдамалық есеп дайындалады.
Фото: https://atameken.kz
Comments