top of page
Search

Еңбекминінде кәсіптік стандарттар жүйесін дамытуды талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) вице-министр Олжас Ордабаевтың төрағалығымен Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі Жобалық офис Басқарушы комитетінің кезекті отырысы өтті.

ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.

Іс-шараға барлық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ, Ernst &Young Қазақстан консультациялық қызметтер көрсету департаментінің менеджері және басқалар қатысты.

Кеңесті аша отырып, Олжас Ордабаев кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

2022 жылдан бастап Еңбекмині жобалық басқару негізінде сұранысқа ие кәсіптік стандарттармен қамту тетігін іске қосты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Министрліктің жобалық кеңсесін тікелей үйлестіру кезінде мемлекеттік органдар жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарымен бірлесіп 170 кәсіптік стандартты өзектендіру және 21 жаңа кәсіптік стандартты бекіту бойынша жұмыс жүргізді.

Оның логикалық жалғасы ретінде білім беру ұйымдары екінші буын кәсіптік стандарттары негізінде білім беру бағдарламаларын жаңартатын болады.

Қазіргі жағдайда қоғам мен еңбек нарығы талап ететін кәсіптер мен оларға қойылатын талаптарды анықтау және үнемі жаңартып отыру маңызды.

Осыған байланысты «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасы шеңберінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту жөніндегі функция мемлекеттік органдарға бекітіледі.


Кәсіптік стандарттар үштік функцияны орындайтынын атап өткен жөн:

  • осы кәсіптің қызметкерлеріне нарық талаптарын жинақтайды;

  • білім беру бағдарламаларын құру және қызметкерлерді даярлау үшін негіз болып табылады;

  • салалық шеңбермен бірге мамандардың кәсіптік біліктілігін тануға негіз болады.

Қазіргі уақытта «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында тұр. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар 2023 жылға арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жоспарын бекітті, оған сәйкес 500-ге жуық кәсіптік стандарттарын жасау және қайта қарау күтілуде.




Comentarios


bottom of page