«ЕҢБЕК. АДАМ. ҚҰРМЕТ» Жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті.
- Редакция "СО"

- Oct 22
- 1 min read
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 18 қазанында Орал қаласында «ЕҢБЕК. АДАМ. ҚҰРМЕТ» атты облыстық жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті. Ауқымды шараның мақсаты – қоғам назарын жұмысшы кәсіптердің маңыздылығына аудару, еңбек адамына құрмет көрсету және жастарды кәсіби бағытта ынталандыру.

Фестиваль бағдарламасында:- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көрмесі- «ЕҢБЕК. АДАМ. ҚҰРМЕТ» фестивалінің пленарлық отырысы мен марапаттау рәсімі- «Ауыл аманаты» жобасы мен қайтарымсыз грант иегерлерінің көрмесі- Ұлттық ойындардан жарыстар- 12 ауданның жұмысшы кәсіп иелерінің көрмесі (киіз үйлер форматында)- Ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі- Гала-концерт
Фестиваль еңбек мәдениетін дәріптеуге, кәсіптік білім мен тәжірибені насихаттауға бағытталған. Шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі кәсіби бағыттармен танысып, шеберлер жұмысының нәтижесін көре алды.



Comments