top of page
Search

ЕҰУ студенттік оркестрі Италиядағы байқауда І орынды иеленді

ЕҰУ студенттік оркестрі Италиядағы байқауда І орынды иеленді.Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Еуразия ұлттық университетінің «Дала сазы» халық аспаптар оркестрі жаңа шығармашылық шыңдарды бағындыруда. Қазақстандық студенттер Open Italy ашық халықаралық аспаптық музыка байқауында «Folk instrument» аталымы бойынша бірінші орынды иеленді.


Халықаралық байқау 2023 жылдың 23 сәуірінде Италияның Пезаро қаласында басталды. Он бесінші рет өткен өнер додасына 34 елдің өкілдері қатысты.

ЕҰУ оркестрінің құрамында 10 студент өнер көрсетті. Олар Қуаныш Нүкішевтің «Шабыт» және Құрбанионның «Науаи шарк» атты екі туындысын орындады.


Қазақстандық студенттердің музыкалық өнерлерін халықаралық байқаудың қазылар алқасы жоғары бағалады. ЕҰУ оркестрі 19-21 жас аралығындағы санатта «Ұлттық аспаптар» аталымы бойынша І орынға лайық деп танылды. Бас жүлдені қазақстандық «Бастау» тобы алса, болгариялық «Gergana Ruseva» тобы екінші орын иеленді.


Айта кетейік, «Дала сазы» халық аспаптар оркестрі ЕҰУ-да 2009 жылы құрылған. Қазір онда 40 студент өнер көрсетеді. 14 жыл ішінде музыкалық ұжым әртүрлі халықаралық байқауларға жоғары деңгейде өнер көрсетіп, еліміздің туын желбіретуде.


Атап айтқанда, шығармашылық топ Мәскеу қаласында өткен «Жаңа ғасыр таланттары-2017» байқауының бас жүлдесін, Прага қаласында өткен «The Magic stars of Prague» халықаралық байқауының 1-орнын, 2019-2022 жылдары Дубай қаласында өткен «Dubai music festival» халықаралық байқау-фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Сонымен қатар «Дала сазы» IV international arts competition – festival «Gloria» байқауының жеңімпазы болып табылады.


Comentarios


bottom of page