top of page
Search

Жазғы демалыста ата-аналардан қолхат алуды қою керек – Асхат Аймағамбетов


Жазғы демалыс уақытында ата-аналардан балалардың қауіпсіздігі үшін қолхат алуды қою керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бізде баяғыдан қалыптасқан, бірақ ешқандай қажеті жоқ оқу жылы аяқталғанда ата-аналардан қолхат алу тәжірибесі бар. Әрине «Оны не үшін аламыз? Оның қандай көмегі бар? Ол не керек?» деген сұрақтар туындайды. Оның ешқандай қажеті жоқ. Ата-аналар ондай қолхатты берсе де, бермесе де, жаз уақытында балаларына қалай болғанда да өзі жауап береді. Жазғы демалыс уақытында баланың күнделікті өмірін сұрауды қоюуымыз керек. Мұғалім 56 күн еңбек демалысында болса, онда ол қалай демалыста жүріп жауап береді? Бұған соңғы нүкте қойылуы тиіс», - деді Асхат Аймағамбетов республикалық педагогикалық кеңесте.


Сонымен қатар министр республиканың барлық мектебіне 20 маусымға дейін 2021-2022 жаңа оқу жылына арналған жаңартылмайтын оқулықтарды балаларға таратып беруді тапсырды.



Автор: Марлан Жиембай


#Білім #ҚР Білім және ғылым министрлігі


Comments


bottom of page