ШҚУ-да педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттері үшін «Жасанды интеллект: негіздерден бастап қолдануға дейін» курсының тұсаукесері өтті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алдағы оқытудың мақсаты — жасанды интеллект негіздерімен және оның әртүрлі салаларда қолданылуымен таныстыру.
«Бағдарлама аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертифика беріледі. Ал қорытынды жұмыс нәтижелері негізгі транскриптке көшіріледі. Бұл жұмыс іздеу кезінде үлкен артықшылық болады», – деді Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов.
Курс сағаттарының саны – 72 сағат. Осы уақыт ішінде жастар жасанды интеллекттің тарихы және жіктелуі туралы біледі.
Сонымен қатар машиналық оқыту мен нейрондық желілердің әдістері мен тәсілдерін, практикалық мысалдарын талдап, нақты тапсырманы шешу үшін машиналық оқытудың өзіндік моделін құрумен айналысады.
Comments