top of page
Search

«Жас сарбаз» студиясының жас таланттары халықаралық Дельфий ойындарының лауреаттары атанды

«Жас сарбаз» студиясының би тобы Тәуелсіз Мемлекеттер Одағына мүше мемлекеттер арасында өткен балалар ашық Дельфий ойындарында 3-ші орынды иеленді, «Замануи білім беру» журналы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Юные таланты студии «Жас сарбаз» стали лауреатами международных Дельфийских игр

500-ден аста баланың басын қосқан Дельфий ойындары әр түрлі көркемдік бағыттарда конкурстық және фестивальдік бағдарламаларды қамтыды. Конкурстық бағдарлама фортепиано, скрипка, классикалық гитара, бейнелеу өнері, эстрадалық ән, халық биі, жеке ән, ди-джей сияқты номинациялардан тұрды. Фестиваль бағдарламасына халық аспаптары, көркем қолөнер және ым-ишара тіліндегі әндер кірді. 


Бұл жетістіктің артында мұғалімдер мен студия тәрбиеленушілерінің үлкен еңбегі жатыр. 2024 жылдың маусым айында «Жас сарбаз» би ұжымы Қырғызстандағы «Нәресте» халықаралық фольклорлық фестивалінде сәтті өнер көрсетіп, тамыз айында 20 би тобы арасында Көкшетаудағы Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпазы атанды. Міне, енді шығармашылық өсудің келесі кезеңі – «Халық биі» номинациясы бойынша балалар халықаралық Дельфий ойындарында үшінші орын алып отыр.


Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасы бойынша 2022 жылдың қыркүйегінде құрылған «Жас сарбаз» балалар студиясына Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының балалары қатысады. 


Балалар төрт бағытта өнермен – хореографиямен, шешендік өнермен, вокал және домбыра тартумен айналысады. Мұнда олар патриотизм рухында және өз елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиеленеді, ел мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылық танытады.


Қазіргі уақытта Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша Отар, Сарыөзек, Семей және Алматыда жаңадан ашылған балалар студияларын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төрт бағыт бойынша үйірмелерге мыңға жуық бала қатысады.


Бұдан бөлек, балалар студиясының тәрбиеленушілері жыл сайын өткізілетін «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысып, үкіметтік деңгейдегі концерттерде өнер көрсететінін атап өткен жөн. Құрылған кезінен бастап шығармашылық студия төрт рет жеке концерт беріп, көптеген қалалық, республикалық және халықаралық конкурстардың жүлдегері атанды.

Comments


bottom of page