top of page
Search

Жаңа оқу жылында алғаш рет ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтеді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ауылдық мектептердің дарынды, талантты оқушыларын анықтау, оларға қолдау білдіру, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру мақсатында ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиаданы енгізуде. Мұндай интеллектуалды сайыстар жаңа 2023-2024 оқу жылында алғашқы рет өткізіледі, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады. Ол аудандық, іріктеу және республикалық кезеңдерден тұрады.


Қорытынды кезеңнің қатысушылары Республикалық сырттай оқу мектебіне қосымша білім алу үшін қабылданады. І-дәрежелі диплом алған жеңімпаздар оқу-жаттығу жиындарына шақыртылып, Жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық олимпиадаға жолдама алады.


Сондай-ақ, тәлімгер-ұстаздар үшін де дайындық жиындарын өткізу жоспарлануда.
















Comments


bottom of page