top of page
Search

Жаңа «E-labs» модулі іске қосылды

9.07.2024.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Қазақстанның Цифрлық ғылыми порталы іске қосылғаны туралы хабарлайды.


Цифрлық ғылыми портал «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі негізінде әзірленді. Оны құру үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің өкілдерін қамтитын фокус-топ құрылды.


Портал пайдаланушыларға ғылыми конференцияларды, семинарлар мен форумдарды іздеуді және оларға қатысуды жеңілдететін «Іс-шаралар» модулін ұсынады. Әрбір пайдаланушы өзін қызықтыратын іс-шараны тауып, қатысуға өтінім бере алады, ал ұйымдастырушылар өз іс-шараларын жариялап, өтінімдерді қабылдай алады.


«Е-labs зертханалар базасы» модулі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жеделдететін зертханалар, жабдықтар және ғылыми ұйымдар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Модуль инфрақұрылымның маркетплейсін және ғылыми ұйымдардың зертханалары бойынша қолдану салалары мен технологиялық дайындық деңгейлері бойынша сүзгілері бар бақылау тақтасын қамтиды.


Ғылыми ұйым өкілдеріне порталға тіркеліп, өз зертханалары туралы ақпаратты https://astanahub.com/ru/innovation-infrastructure/... сілтемесі бойынша енгізуді ұсынамыз. Ғылым комитетінің қызметкерлері модерациядан өткеннен кейін деректер «Е-labs зертханалар базасы» модулінде жарияланатын болады.


Қазақстанның цифрлық ғылыми порталы ғылыми аудиторияға ыңғайлы және инновациялық құралдарды ұсына отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамытудағы маңызды қадам болып табылады.


Kommentarer


bottom of page