top of page
Search

Жетісуда «Мамандығым – Болашағым» жобасы басталды

И. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Мамандығым – болашағым» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылуы өтті, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


«Мамандығым – Болашағым» жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда және өңір экономикасының дамуына сәйкес кадрларға өңірлік қажеттілік картасын әзірлеуге арналған.


Кеңсенің ашылуына бейнебайланыс арқылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Ол жоғары білім беру жүйесін кадрлық қажеттіліктерге неғұрлым нақты бағдарлау мақсатында жұмыс берушілермен диалогта кадрларға қажеттілікті озық болжаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ведомство басшысы кадрларды даярлаудың өңірлік жүйесін жергілікті сұраныспен байланыстыру, университетте ғылымды дамыту, жастарды ғылымға тарту, жоғары білім беруді интернационалдандыру және цифрлық экожүйені қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды.


Іс-шараға «Мамандығым – Болашағым» бағдарламасының жобалар тобының жетекшісі Самғат Ермекбаев, басқарма төрағасы – университет ректоры Қуат Баймырзаев, өңірдің білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының жобалық кеңсесінің өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.


Университет ректоры Қ. М. Баймырзаев іс-шараны аша отырып, Жетісу облысын кадрлармен қамтамасыз етіп отырған ЖОО базасында жобаны іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға жаңа қажетті дағдыларды игеруде табыс тіледі (І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті өңірлік жобалық кеңсе ретінде айқындалған).


Жетісу облысында «Мамандығым – Болашағым» жобалық кеңсесінің ашылуы аясында университет қызметкерлері 5 күн ішінде форсайт-зерттеу әдіснамасын сертификаттық оқытуды қарқынды режимде өтеді. Оқу қорытындысы бойынша университет қызметкерлері өңірлік жобалық офис командасына қосылып, Жетісу облысының кадрларына қажеттіліктің өңірлік картасын қалыптастыруға бағытталған өңірдің негізгі салалық сарапшыларының қатысуымен ауқымды форсайт-зерттеу жүргізеді.


Бүгінгі таңда «Мамандығым – Болашағым» өңірлік жобалық кеңсесі 5 өңірде: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана және Алматы қалаларында іске асырылуда. Павлодар және Маңғыстау облыстары кадрларға өңірлік қажеттілік карталарын әзірлеуді аяқтап, осы өңірлердің басым салалары арасында перспективалы кәсіптерді анықтады. Сондай-ақ, оқушыларға кәсіби диагностика жүргізілді, оның нәтижелері бойынша оқушылар өздерінің профилін және кәсіби қызметте іске асыру мүмкіндіктерін анықтады. Кәсіби диагностикадан 38 182 оқушы өтті.


Жалпы, Қазақстан бойынша 50 жоғары кәсіптік білім беру ұйымы жаңа және трансформацияланатын мамандықтар бойынша 440 білім беру бағдарламасын ұсынды, олар бойынша 27 299 студент оқиды. Сондай-ақ, 34 ТжКБ ұйымдары 4015 оқушы оқитын 40 жаңа және жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізді.




















Comentários


bottom of page