Жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде келісім жасалды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында еліміздің жоғары оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Меморандум жасалды.
Құжатқа қол қою рәсіміне екі ведомство басшылығы, онлайн форматта елдің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен өңірлік полиция департаменттерінің басшылары қосылды.
Кездесу барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттер санының өсуіне байланысты Ішкі істер министрлігімен қол қойылған меморандумның маңыздылығын атап өтті.
«Қазір министрлік басымдылықты цифрландыру мәселелеріне қойып жатыр. Жалпы, дүниежүзілік стастистика қарайтын болсақ, киберқылмыстың деңгейі де, күрделілігі де өсіп келе жатыр. Сондықтан цифрландыру арқылы қауіпсіздікті жаңа деңгейге шығаруымыз керек», - деді министр.
Сапалы білім алу және қызметтің барлық салалары бойынша құзыретті мамандарды даярлау үшін қауіпсіз жағдайлар жасау ең өзекті және басты мәселелердің бірі.
Бұл жасалған меморандум жоғары оқу орындарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың, жоғары білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру және студенттер арасында құқықтық тәртіпті нығайту үшін жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігінің кепілі болады.
Comments