Жүз мыңнан астам әдістемелік құралдар мен диссертациялар педагогтерге қолжетімді болады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Әдістемелік материалдардың цифрлық кітапханасы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында жұмыс істеуде. Жоба республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханамен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Алтынсарин Академиясының президенті Мадина Тыныбаеваның айтуынша, педагогтерге ыңғайлы болу үшін іздеу жүйесі мен ӘОЖ және QR-кодты автоматты түрде беру орнатылған.
«Қазіргі уақытта Алтынсарин академиясының сайты әдістемелік құралдар мен диссертациялардың сандық кітапханасымен біріктірілген. Бірыңғай цифрлық ресурста педагогтер оқу бағдарламаларына, әдістемелік ұсынымдарға, педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша диссертацияларға, білім беру стандарттарына және тағы басқаларға қол жеткізе алады», - деп бөлісті Мадина Тыныбаева.
Айта кетейік, цифрлық кітапханада 100 мыңнан астам әдістемелік құралдар, диссертациялар және басқа да ғылыми жұмыстар қолжетімді.
Comments