Жұбанов университетінің білім алушылары Samsung компаниясының халықаралық сертификатына ие болды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Жұбанов университетінде Samsung компаниясымен бірлесе ұйымдастырылған «Samsung Innovation Campus. Python негіздері және деректерді талдау» курсы өз мәресіне жетті.
Курс соңында қатысушылар сынақ есебінде арнайы ұйымдастырылған хакатонға қатысты. 19 қатысушының арасынан 12-сі қажетті балды сәтті жинақтап, Samsung компаниясының халықаралық сертификатына ие болды.
Соның ішінде, хакатон қорытындысы бойынша «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс магистранты Әбілмансұр Сейілханның жұмысы республикалық деңгейде екінші орынға ие болып, арнайы сыйлықпен марапатталды.
Айта кетейік, Samsung Innovation Campus — бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша дағдыларын дамытуға ұмтылатын жастарға арналған жаһандық білім беру бағдарламасы. Аталған курста білім алушылар ең қарапайым және танымал, болашағы зор бағдарламалау тілімен танысты.
Comments