top of page
Search

Испандық жоғары оқу орындары Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Испания арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында, сондай-ақ Испания ректорларының Қазақстанға сапарын дайындау шеңберінде Испаниядағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің испан жоғары оқу орындарының өкілдерімен онлайн кездесуі өтті, «Современное образование» журналы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан мен Испания арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында, сондай-ақ Испания ректорларының Қазақстанға сапарын дайындау шеңберінде Испаниядағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің испан жоғары оқу орындарының өкілдерімен онлайн кездесуі өтті.

Іс-шараға 50-ден астам қазақстандық және испан университеттер, Испан білім беруді интернационалдандыру қызметінің басшылығы, Испания ректорларының конференциясы және Испанияның Қазақстандағы Елшілігі қатысты.

Іс-шара барысында ҚР-да испан университеттерінің өкілдіктерін ашу, ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту және ынтымақтастықтың басқа да салалары талқыланды.

Өз тарапынан испан университеттер Қазақстанмен өзара іс-қимылды күшейтуге, байланыс алмасуға, елімізде өкілдігін кеңейтуге, студенттер мен оқытушылар алмасуды ұлғайтуға, «Болашақ» бағдарламасына қатысуға қызығушылық білдірді.


























Comments


bottom of page